Қарағандыда бейнекамера көлік ұрлығын ашуға көмектесті
Қарағандыда автокөліктен құрал-саймандар ұрлау дерегі ашылды. Күдіктінің жеке басын анықтауға бейнебақылау камерасындағы жазба көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
36 жастағы қала тұрғыны таңертең аулада тұрған көлігінен бағалы заттарының ұрланғанын байқаған. Белгісіз адам көліктің құлпын бұзып, ішінен дәнекерлеу аппаратын және кәсіби құрал-саймандар жиынтығын алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 180 мың теңгені құрады.
Жақын маңдағы бейнебақылау камерасы ұрлық сәтін тіркеген. Жазбаларды зерделеп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген Қарағанды қалалық полиция басқармасының қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады.
Оның жәбірленушінің 35 жастағы көршісі екені белгілі болды.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ұрланған заттар тәркіленді.
