Қызылорда облысында пробация есебіндегі азаматтар арасында қол күрестен жарыс өтті
Аралда пробация есебіндегі азаматтар арасында қол күрестен жарыс өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Арал аудандық пробация қызметі мен аудандық мансап орталығының бірлесуімен пробация есебінде тұрған азаматтар арасында қол күрестен жарыс ұйымдастырылды.
Спорттық шараның мақсаты – есептегі азаматтардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылығын арттыру және қоғамға бейімделуіне қолдау көрсету.

Білектің күшін сынайтын тартысты бәсекеге қатысушылар белсенділік танытып, өзара бақ сынасты. Жарыс барысында қатысушылар күш-жігері мен төзімділігін көрсетіп, жеңіске деген жігерлерін танытты.
Жарысқа қатысушылар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
- Осындай спорттық шараларға қатысу біз үшін өте маңызды. Бос уақытымызды пайдалы өткізіп, өз күшімізді сынауға мүмкіндік алдық. Мұндай жарыстар адамды жігерлендіріп, алға ұмтылуға ынталандырады. Ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін, – деді жарысқа қатысушы.
Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар сыйлықтармен және алғысхаттармен марапатталды.
Мұндай іс-шаралар пробация есебіндегі азаматтардың бос уақытын тиімді пайдалануына, спортқа қызығушылығын арттыруға және қоғамға бейімделуіне ықпал етеді.
