Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да "Қауіпсіз жол" іс-шарасы аясында тексеріс күшейтілді

"Қауіпсіз жол" арнайы жобасы мен жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында ШҚО патрульдік полиция қызметкерлері жол ережелерінің сақталуын бақылап, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларын болдырмау мақсатында тексеріс жүргізіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкерлері көлікті масаң күйде басқару, қарсы қозғалыс жолағына шығу, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін пайдалану және белгіленген тәртіппен тіркелмеген көлікті басқару деректерін анықтауға басымдық беріп отыр.

Іс-шара басталғалы бері мас күйде көлік басқарған 9 жүргізуші ұсталды. Қарсы қозғалыс жолағына шығудың 4 дерегі анықталды. Сондай-ақ мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерінсіз немесе тіркеуден өтпеген көлікпен жүргендерге қатысты 10 дерек тіркелді.

Полиция жүргізушілерді жол ережелерін сақтауға шақырады. Жолдағы жауапкершілік адам өмірі мен денсаулығын сақтауға көмектеседі. Тексеріс жұмыстары жалғасып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру