Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сәтбаевта жиһаз қалдығын тастаған тұрғын жауапқа тартылды

Сәтбаевта жиһаз қалдығын тастаған тұрғын жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сәтбаевта қоқыс контейнерінің жанына ескі жиһаз қалдығын тастаған тұрғын бейнебақылау камералары арқылы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оқиға Абай көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінің маңында болған. Тұрғын үйінен шығарған ескі жиһаздың фанерасын контейнер жанына қалдырған. Қаланы абаттандыру қағидаларын бұзу дерегін жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтаған.

Полиция тұрғындарды ортақ аумақтың тазалығын сақтауға шақырады. Ескі жиһаз бен ірі көлемді қалдықтарды шығару тәртібін қызмет көрсетуші ұйымнан алдын ала нақтылаған жөн.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру