Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да жүргізуші мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жасырған

БҚО-да Toyota жүргізушісі мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жасырған6 - деп хабарлайды Polisia.kz.

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында  2 қарашада сағат 00:48 шамасында "Озинки – Орал" автожолында БҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол қозғалысы қағидаларын бұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтін "Zerek" аппараттық-бағдарламалық кешенінің көмегімен Toyota Hiace автокөлігін анықтады.

Тексеру барысында жүргізушінің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне әріптік және цифрлық таңбаларды анықтауды қиындататын арнайы пленка жапсырғаны белгілі болды.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.

Аталған құқық бұзушылық үшін бес тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу және бір жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Полиция  мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін жасыру немесе өзгерту заңнама талаптарын бұзу болып табылатынын және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру