Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбыл облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында дрондар тиімді қолданылуда

Жамбыл облысының тас жолдарында жол-көлік оқиғаларының алдын алуға дрондар көмектесуде, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері заманауи технологиялар мен профилактикалық шараларды тиімді қолдануда.

Жыл басынан бері өңірде жол-көлік оқиғалары, қаза тапқандар мен жарақат алғандар саны төмендеген.

Атқарылып жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде. Осы жылдың он айының қорытындысы бойынша өңірдегі жол-көлік оқиғаларының саны 6,9%-ға, қаза тапқандардың саны 17%-ға, ал жарақат алғандар саны 6,8%-ға төмендеді.

Қала сыртындағы автожолдарда дрондардың көмегімен қарсы жолаққа шығу, қауіпсіздік белдігін тақпау, көлік басқару кезінде телефон пайдалану сияқты құқық бұзушылықтар анықталуда.

Сонымен қатар қауіпті жол учаскелерінде рейдтік шаралар жүргізіліп, жүргізушілерге түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Полиция жүргізушілерді жолда мұқият болуға, жылдамдық режимін сақтауға және ұзақ сапар кезінде уақтылы демалуға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру