БҚО-да полицейлер жүкті әйелді перзентханаға жедел жеткізуге көмектесті
БҚО-да полицейлер жүкті әйелді перзентханаға жедел жеткізуге көмектесті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Threads желісінде Аида Есенаманқызы esenamankyzy өзін перзентханаға жедел жеткізуге көмектескен полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, жазба қалдырған.
Батыс Қазақстан облысында патрульдік полиция қызметкерлері өзін перзентханаға жүкті әйелді облыстық ауруханаға жедел жеткізуге көмектескені анықталды.
Жуырда Батыс Қазақстан облысы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Дәулет Әділгереев пен Есболат Қабденов қызметтік міндеттерін атқару барысында аудандық жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі жүкті әйелді шұғыл түрде облыстық ауруханаға жеткізу қажеттігін хабарлаған. Жағдайдың маңыздылығын түсінген полиция қызметкерлері уақыт жоғалтпай, жедел жәрдем көлігіне жол бастап, Жаңа өмір ауылынан облыстық ауруханаға дейін сүйемелдеген.
Жол бойында тәртіп сақшылары көлік қозғалысын реттеп, жедел жәрдем көлігінің кедергісіз әрі қауіпсіз қозғалуына жағдай жасады. Ауруханаға жеткен соң да полиция қызметкерлері науқасқа көмек көрсетіп, оның медициналық мекемеге кіруіне жәрдемдесті.
Көрсетілген көмектің арқасында жүкті әйел ауруханаға жедел жеткізілді. Кейін көмек алған азаматша полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын Threads әлеуметтік желісінде білдірді.
- Сол сәтте әр минуттың маңызды екенін жақсы түсіндік. Полиция қызметкерлері жағдайды ести салысымен бірден көмекке келіп, жедел жәрдем көлігінің алдында жол бастап, бізді ауруханаға дейін қауіпсіз жеткізуге көмектесті. Тіпті ауруханаға жеткен соң да көмектерін аямады. Олардың жанашырлығы мен адам өміріне деген жауапкершілігі бізге үлкен демеу болды. Осындай қиын сәтте қол ұшын созған азаматтарға шын жүректен алғысымды білдіремін! – деді ол.
Адам өмірі мен денсаулығын сақтау – баршаға ортақ міндет. Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар, қиын жағдайға тап болған азаматтарға да әрдайым қолдау көрсетуге дайын.
