Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҚО-да көлік терезелерін заңсыз қараңғылау деректері тіркелді

"Қауіпсіз жол" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері көлік құралдарының заң талаптарына сәйкестігін тексерді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Подстепный – Илек автожолында терезелеріне күңгірт пленка жапсырылған "Geely" автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында алдыңғы есіктерінің әйнектеріне жарық өткізуді шектейтін пленка жапсырылғаны анықталды. Көлікті 28 жастағы шетел азаматы басқарған. Полиция қызметкерлерінің талап етуімен пленка алынды.

Осыған ұқсас жағдай Орал қаласында да тіркелді. Мұнда BMW автокөлігінің алдыңғы есіктерінің терезелеріне күңгірт пленка жапсырылғаны анықталды. Көлікті 24 жастағы әйел басқарған. Полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, заң талаптарына сәйкес пленканы алдыртты.

Мұндай пленкалар жүргізушінің жол жағдайын шолу мүмкіндігін шектеп, жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін.

Аталған фактілер бойынша жүргізушілерге құқық бұзушылықтың салдары түсіндіріліп, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға және көлік құралдарын заң талаптарына сәйкес пайдалануға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру