Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында полиция жол ережесін бұзғандарды дрон арқылы анықтап жатыр

Түркістан облысында полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында бақылау шараларын күшейтті. Осы бағыттағы кешенді профилактикалық жұмыстар Келес ауданында екі тәулік бойы жүргізіліп, жол ережесін бұзған 45-ке жуық жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер жүргізушілерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолдағы қауіпті әрекеттердің алдын алуға бағытталған тексеру шараларын жүзеге асырды.

Бақылау кезінде дронның көмегімен қарсы қозғалыс жолағына шыққан Kia K8 автокөлігінің жүргізушісі анықталды. Заң бұзушылық Ошақты және Қоңыртөбе ауылдарының арасындағы тасжолда тіркелді. Жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, материал сотқа жолданды.

Сонымен қатар рейд нәтижесінде заңсыз жолаушы тасымалдау дерегі, жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзу және мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз мопед басқару фактілері анықталды. 5 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Осы ретте полицейлер жолдағы қауіпсіздік әрбір жүргізушінің жауапкершілігіне байланысты екенін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру