Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұлытау облысында үздік учаскелік инспектор анықталды

Ұлытау облысында үздік учаскелік инспектор анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция қызметкері Қуандық Қантай "Үздік учаскелік полиция инспекторы" облыстық байқауында жеңімпаз атанды. Енді ол республикалық кезеңде облыс намысын қорғайды.

Қуандық Қантай Қаражал қаласы полиция бөлімінің Жәйрем кентіндегі полиция бөлімшесінде учаскелік инспектор қызметін атқарады.

Полиция департаментінде өткен байқауға аумақтық полиция бөліністерінің учаскелік инспекторлары қатысты. Үш кезеңнен тұрған сайыста үміткерлер атыс және дене даярлығы бойынша сынға түсіп, Қазақстан Республикасының заңнамасын білу деңгейін анықтайтын компьютерлік тест тапсырды.

Байқаудың мақсаты – учаскелік инспекторлардың кәсіби даярлық деңгейін бағалау, қызметтік шеберлігін шыңдау және олардың кәсіби біліктілігін арттыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру