Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағандыда полицейлер вейптердің заңсыз айналымына тосқауыл қойды

Қарағандыда полицейлер 323 дана электронды темекіні тәркіледі, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қарағанды қаласында патрульдік полиция қызметкерлері вейптердің заңсыз айналымына тосқауыл қойды. Жоспарлы патрульдеу кезінде полицейлер тексеру үшін LADA Priora көлігінің жүргізушісін тоқтатқан.

Көлік салонын тексеру барысында 30 жастағы жергілікті тұрғыннан никотин бар 323 дана заңсыз өнім табылып, тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Полицейлер тыйым салынған өнімнің қайдан жеткізілгенін және оны өткізу арналары мен ықтимал сауда орындарын анықтауда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру