Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысында бір аптада 175 құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Абай облысында бір аптада 175 құқық бұзушылықтың жолы кесілді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тазалық пен абаттандыру талаптарының сақталуы бейнебақылау камераларының көмегімен де жіті қадағалануда. Ортақ пайдаланылатын орындарды ластауға және елді мекендердің көркін бұзуға жол бермеу мақсатында бақылау жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Нәтижесінде Абай облысында бір апта ішінде тазалық талаптарын бұзудың 175 дерегінің жолы кесілді.

Оның ішінде: 22 дерек – ортақ пайдаланылатын орындарды ластау; 153 дерек – абаттандыру талаптарын бұзу.

Бейнебақылау камералары қоғамдық тәртіпті қадағалап, құқық бұзушылықтарды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Тазалық талаптарын бұзу назардан тыс қалмайды. Қоғамдық орындарды ластау мен абаттандыру ережелерін елемеу – жауапкершіліктен босатпайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру