Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы бойынша ҚАЖ қызметкері жекпе-жектен ел чемпионатында жүлделі орын иеленді

Қостанай облысы бойынша ҚАЖ қызметкері жекпе-жектен ел чемпионатында жүлделі орын иеленді, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №76 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Ержан Жақсылық ұлттық спорт түрі – жекпе-жектен Қазақстан Республикасының чемпионатында қола жүлдегер атанды.

19–22 қараша аралығында Алматы қаласында өткен ел чемпионатына еліміздің әр өңірінен мықты спортшылар қатысып, өзара бақ сынады. Жарыс барысында Ержан Жақсылық 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, қарсыластарымен тартысты белдесулер өткізіп, ІІІ орынды иеленді.

Ержан Жақсылық – өз ісіне адал, тәртіпті, жауапкершілігі жоғары әрі алдына қойған мақсатына жетуге ұмтылатын қызметкер. Ол қызметтік міндеттерін абыроймен атқара отырып, бос уақытын спортқа арнап, дене дайындығын жетілдіруге және кәсіби шеберлігін шыңдауға ерекше көңіл бөледі.

Жекпе-жек спорты спортшыдан тек физикалық күшті ғана емес, сонымен қатар төзімділікті, жылдамдықты, батылдықты және жеңіске деген жігерді талап етеді. Бұл қасиеттер күнделікті қызметте де маңызды рөл атқарады.

Қызмет пен спортты қатар алып жүру – үлкен тәртіп пен табандылықты қажет етеді. Ержанның бұл жетістігі – жүйелі жаттығудың, қажырлы еңбектің және өз мақсатына деген сенімінің нәтижесі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру