Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы бойынша ҚАЖД қызметкері әлем чемпионатында бақ сынады

Қостанай облысы бойынша ҚАЖД қызметкері әлем чемпионатында бақ сынады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №41 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Гүлмайра Сагиданова Ташкент қаласында өткен самбодан 50-ші әлем чемпионатына қатысты.

Әлемнің 101 елінен келген спортшылар бақ сынаған байрақты бәсекеде Гүлмайра 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, өзінің физикалық дайындығы мен спорттық шеберлігін танытты. Нәтижесінде ол жарыстың қола жүлдегері атанды.

Бұл жетістік – тынымсыз жаттығу, табандылық пен жеңіске деген жігердің жемісі. Гүлмайраның халықаралық деңгейдегі жетістігі мекеме ұжымы үшін зор мақтаныш әрі әріптестеріне үлгі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру