Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада полиция еңбек ұжымдарымен профилактикалық кездесу өткізіп жатыр

Астанада есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамда есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы кешенді жұмыс жалғасып жатыр, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Осы бағыттағы жұмыс аясында полиция елордадағы ұйымдар мен кәсіпорындардың еңбек ұжымдарымен тұрақты түрде ақпараттық-профилактикалық кездесулер өткізеді.

Осындай кезекті кездесу BI Group құрылыс компаниясының қызметкерлерімен өтті. Іс-шараға Астана қаласы ішкі саясат басқармасы мен құрылыс басқармасының өкілдері де қатысты.

Кездесу барысында полиция қызметкерлері қатысушыларға есірткіні заңсыз сақтау, тарату және есірткіге байланысты өзге де құқыққа қайшы әрекеттер үшін көзделген заңнамалық жауапкершілік нормаларын түсіндірді. Сондай-ақ азаматтарды, оның ішінде жастарды есірткінің заңсыз айналымына тарту тәсілдеріне, сақтық шараларына және жеке жауапкершілікке ерекше назар аударылды.

Бұдан бөлек, қатысушыларға есірткі тұтынудың адам денсаулығына, отбасына және жалпы қоғамға тигізетін кері әсері түсіндірілді. Салауатты өмір салтын ұстану мен өз болашағына саналы түрде қараудың маңызы атап өтілді.

Еңбек ұжымдарымен мұндай кездесулер өткізу — полицияның профилактикалық жұмысының маңызды бөлігі. Азаматтармен ашық диалог жүргізу құқықтық сауаттылық деңгейін арттырып қана қоймай, есірткі қылмыстарына қарсы күрес мәселелеріне қоғам назарын аударуға мүмкіндік береді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру