ІІМ: Мәслихат депутаттарын сайлау кезінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету шаралары туралы
Ішкі істер министрлігі мәслихат депутаттарын сайлауға дайындық және оны өткізу кезеңінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Еліміз бойынша барлығы 10 мыңнан астам дауыс беру учаскесі белгіленген.
Дайындық барысында нысандардың терроризмге қарсы қорғалу талаптарына сәйкестігі тексеріліп, мүдделі мемлекеттік органдармен және қызметтермен өзара іс-қимыл ұйымдастырылды.
Дауыс беру күні полиция қызметкерлері сайлау учаскелерінде және оларға іргелес аумақтарда қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді.
Құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және олардың дауыс беру құқықтарын еркін әрі кедергісіз жүзеге асыруына қажетті жағдай жасауға назар аударылады.
Сайлау кезеңінде заңдылықты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі ІІМ-нің тұрақты бақылауында.
