Жемқорлықты болдырмау аясында «Жас мамандар слеті» өтті
Түркістан облысының Полиция департаментінде жас полицейлер арасында сыбайлас жемқорлық пен түрлі құқық бұзушылықтарды алдын-алу бойынша «Жас мамандардың слеті» өтті. Жиынға ПД басшысының орынбасары, полиция полковнигі Бағлан Халықов төрағалық етті.
Кездесу барысында Түркістан облысы ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, Кадр саясаты басқармасы басшысының орынбасары Нұрғали Болсынов, психолог полиция капитаны Мархабат Илесовалар баяндама жасады.
«Жас мамандарға ІІО-да қызмет ету үшін батылдық пен батырлық, қайсарлық пен шыдамдылық қажет, деді полиция полковнигі Бағлан Халықов. Сондай-ақ, қай істе болмасын бірінші кезекте адал әрі өз жұмысын мінсіз атқарудың парыз екенін баса айтты.
Департаменттің Кадр саясаты басқармасының психолог инспекторларымен жас мамандарға психологиялық сабақтар өткізіліп тренингтер ұйымдастырылды.
Енді бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда жалғасын табады және департамент басшылығымен бақылауға алынған.