Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысының полицейлері жол қауіпсіздік ережелерін бұзғандарды жазалады

Әлеуметтік желілерде жеңіл автокөліктердің кортежі жол жүру ережелерін бұзған бейнежазба жарияланды. Бұл бейнежазбаға Түркістан облысының Полиция департаменті қызығушылық танытты. Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, оқиға 11 қаңтарда Түркістан қаласына кіре берісте Б.Саттарханов даңғылында орын алған, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.

Жол ережесін бұзған жүргізушілер Шымкент қаласының екі тұрғыны. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 590, 593,595, 603, 606-баптарымен (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу, жолаушыларды тасымалдау бойынша талаптарды сақтамау, маневр жасау қағидаларын бұзу,көлік құралында арнайы жарық және дыбыс сигналдарын орнату ережелерін бұзу, жол қозғалысына қатысушының жол қозғалысы ережелерін бұзу, авариялық жағдай туғызуға әкеп соққан бұзушылығы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, апаттық жағдай жасамауға, сондай-ақ басқа да жол қозғалысына қатысушыларды құрметтеуге кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру