СҚО полицейлері есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенді анықтады
СҚО полицейлері синтетикалық есірткі сатумен айналысатын интернет-дүкенді анықтады,- деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
СҚО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі сатумен айналысатын интернет-магазинді ұйымдастырды деген күдікпен 1989 және 1991 жылдары туған Петропавл қаласының екі тұрғынын ұстады. Жүргізілген жедел жұмыстың барысында олардың қылмыстық іс-әрекеттері жекелей құжатталып, интернет-дүкен жұмысына талдау жасалды.
«Синтетикалық есірткімен күрес жүргізудегі басты қиыншылық оларды таратуда жоғары технологиялық әдістерді қолдану болып табылады, – дейді СҚО ПД ЕҚҚІҚБ бастығы полиция полковнигі Жандос Басыбаев. – Таратушы қашықтықтан әрекет етеді, есірткі салушы – тарату тізбегіндегі ең төменгі буыны – ол таратушыны көрмейді, тек жабық электрондық арналар арқылы байланысқа шығып тұрады. Алайда, егжей-тегжейлі жедел жұмыстың нәтижесінде аталған интернет-ресурстың жұмысын ұйымдастырған күдіктілер анықталды».
Екеуі де 8 қаңтар күні ұсталды. Олардың жалға алған пәтерінен салуға дайындалған заттар: «тұз», «спайс», жазбалар, сим-карталар, смартфондар алынды. Сонымен қатар, ішінде 250 гр. жуық синтетикалық есірткі бар үлкен полимерлі орама анықталды. Барлық алынғандар сараптамаға жолданды.
Аталған факті Қазақстан Республикасының ҚК 297-бабы 3-б. «Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу» бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізілді.
Сотпен екі күдіктіге қатысты «қамаққа алу» бұлтарпау шарасы қабылданды.
Өткен жылы СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткі заттарын сатумен айналысатын 162 интернет-ресурс анықталып, ҚР Ішкі істер министрлігіне бұғаттау үшін жолданды. Синтетикалық есірткі таратушы үшеуіне қатысты тергеу жүргізілуде. Олардың бәрі ұсталды. Одан басқа, 1 есірткі зертханасы анықталды.
Жыл басынан синтетика сатушыларды алғашқы ұстау болып табылады.