Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ҚАЖ департаментінде жемқорлықтың алдын алу шаралары жүйелі түрде өтеді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ғимаратында аталған департаменттің және оған ведомстволық бағынысты мекемелерінің қызметкерлеріне қатысты «қысқартылған қылмыстық істер» бойынша ҚР қылмыстық іс жүргізу кодексінің 200-бабы тәртібінде енгізілген бірқатар ұсыныстар қаралды, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.

Қаралым: ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы Алмас Шәмішев және департамент бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов пен департамент қызметкерлерінің, департаментке қарасты мекеме бастықтарының, сондай-ақ ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы М. Б. Мұхамбетовтың қатысуымен өтті.

Қаралым қорытындысы бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою бойынша ұсыныстар, салалық заңнамадағы сәйкессіздіктерді жою бойынша мәселелер, сондай-ақ ҚАЖД басшылығының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталықтың алаңында азаматтарды қабылдауын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар айтылды.

Айта кету керек, «Нұр Отан» партиясының «сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған бағдарламасы» талаптарын орындау мақсатында, өткен жылы Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінде Өзіндік қауіпсіздік тобымен бірқатар іс-шаралар атқарылды. Яғни, департаменттің өзіндік қауіпсіздік тобы қызметкерлері кәсіби даярлық аясында ай сайын бағынысты мекемелерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптар заңнамаларын түсіндіруге арналған дәрістер оқып келеді.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру» жоспарының тармақтарын орындау жөніндегі Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің жоспарына сәйкес, ҚАЖ департаменті бастығының төрағалығымен департаменттегі өзіндік қауіпсіздік тобы «Қазіргі заманғы коррупцияға қарсы саясат», «Ішкі істер органдарындағы коррупцияға қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында жүйелі түрде семинар-кеңестер өткізіп келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру