Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен қаласының тұрғыны мас күйінде көлік басқарып жол-көлік оқиғасына себепкер болғаны үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Көлік басқару құқығынан айырылған Өскемен қаласының тұрғыны мас күйінде көлік басқарып жол-көлік оқиғасына себепкер болғаны үшін 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп хабарлайды Polisia.kz порталының тілшісі.
12 қаңтарда Өскемен қаласында 44 жастағы ер адам Бажов көшесіндегі жол-көлік оқиғасына кінәлі болып, «Mercedes» автокөлігімен «Mitsubishi» автокөлігіне соқтығысқан.

Куәландыру көрсеткендей, «Mercedes» жүргізушісі мас күйінде болған. Сонымен қатар, жүргізушінің 2018 жылы көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін 3 жылға жүргізуші куәлігінен айрылғаны анықталды.

– Жол-көлік оқиғасына кінәлі 44 жастағы азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабы 2-бөлігі бойынша көлік құралын басқару құқығы болмай отыра, мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін қылмыстық іс қозғалды. Ол 6 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, – деп атап өтті Өскемен қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Даур Ибраев.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасында 2020 жылдың 11 қаңтарында көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жауапкершілікті күшейту туралы заң күшіне енген болатын

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру