Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түзеу мекемесінде Абай өлеңдері оқылды

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын мерекелеуге орай Павлодар облысы бойынша ҚАЖ департаментінің АП-162/3 орта қауіпсіздік мекемесінде «Абай оқулары» акциясы ұйымдастырылды.

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту – Тәуелсіз Қазақстанның жаңа тарихындағы маңызды оқиғалардың бірі. Абай бүкіл әлем мойындаған дана ұстаз, ақын және адамзаттың данышпаны. Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеу туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Қазақ ақынының мерейтойын дайындау мен өткізудің республикалық жоспарын жасау тапсырылды.

Іс-шараға бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеп жатқан сотталушылар мен мекеме қызметкерлері де қатысты. АП-162/3 мекемесінде 300-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр. Сотталушылардың аузынан нақыл сөздер, ағартушының шығармаларынан үзінділер айтылды, «Көзімнің қарасы» әні орындалды.

2019 жылы АП-162/3 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталушы Вадим Шрайдер мен Павлодар облысы бойынша ДИУЖ кадр саясаты бөлімінің бастығы Абайдың шығармаларын оқи отырып, # abay175 челленджеріне қатысты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру