Ақмола облысы тас жолында шетел азаматтарына көмек көрсетілді
Қолайсыз ауа-райына байланысты Ақмола облысы полиция қызметкерлері жолда тұрып қалған тұрғындарды көліктерінен алып шығып, жақын маңдағы арнайы жылы орынға жайғастыруда.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы тәулікте Ақмола облысы бойынша 91 адам эвакуацияланды, оның ішінде 31-і Тәжікстан азаматтары.
23 қаңтарда Ақкөл ауданында полицей қызметкерлері Тәжікстан азаматтарына көмек қолын созып, арнайы жылы орындарға жайғастырып,тамақпен қамтамасыз етті.
«Ақкөл ауданының ТЖД бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп Ақкөл қаласы өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері Нұрсұлтан-Щучинск республикалық автожолындағы эвакуациялық жұмыстар жүргізіп жатыр.
Бес адам қауіпсіз жерге көшірілді. Тәжікстанның екі және өзіміздің үш азаматына көмек көрсетілді.Біз оларды Ақкөл аудандық мәдениет үйіндегі арнайы белгіленген орынға орналастырдық», деп мәлімдеді Ақкөл ауданының ТЖБ бастығының м. а. Аят Сералиев.
Естеріңізге сала кетейік, Ақмола облысында экстремалды жағдай бір тәуліктен астам уақытқа жалғасуда. Қар жаууы мен қатты желдің салдарынан
өңірде қалааралық жолдар жабылды.
Қазіргі уақытта ауа-райы нашарлауына байланысты «Щучинск-Нұрсұлтан» , «Нұрсұлтан-Ерейментау», «Нұрсұлтан-Қарағанды» бағыттарындағы жолдар жабылып, қозғалыс тоқтатылды.
Ақмола облысы ТЖД жүргізушілерге боранды күні ұзақ жолға шықпауды ескертеді.
Ауа-райына байланысты барлық ақпаратты Play Market, App Stor қосымшаларынан және»1403″ тегін нөміріне хабарласу арқылы білуге болады