Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Синтетика» жеткізумен айналысқан екі адам ұсталды

Маңғыстау облысында екі апталық жедел әзірлеме нәтижесінде Маңғыстау
облысы Ақтау қаласы аумағына мефедрон синтетикалық есірткісін жеткізу арнасына тосқауыл қойды.

Ақтау қаласына аталған есірткіні жеткізу туралы мәлімет алынғаннан кейін жалға алынған пәтерде қолдарында жалпы салмағы 96 грамм есірткі партиясы бар Қазақстаннның екі әйел азаматы ұсталды. Жауап алу барысында қыздар есірткі өткізу нарығын зерделеу және көтерме сауда үшін сатып алушы іздестіру мақсатында Ақтау қаласына келгендері анықталды.Бұдан кейін жедел іс-шаралар кешенінің нәтижесінде сол жалдамалы пәтерде тағы екі «гастролер» ұсталды. Олар мефедронның тағы бір партиясын өткізу үшін Ақтау қаласына келген. Олардан 392 грамм синтетикалық есірткі алынды.Бұл адамдар әрі қарай көтерме сауда жасау үшін Ақтау қаласына қоныс аударып, сол жақта мефедрон тасымалын қолға алуды жоспарлаған.

Ұсталғандарға қатысты қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлімі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, иемдену, сақтау тасымалдау немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен өткізу) бойынша сотқа дейінгі өндіріс басталды. Жаза мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру