Жемқорлыққа қарсы күрес шарасы жүргізіліп жатыр
Сыбайлас жемқорлық кез-келген елдің экономикалық және
экологиялық дамуына кедергі келтіретіні баршаға мәлім. Осыны ескерген мемлекет басшысы бірқатар заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізді.
Бұдан былай қызметкерлер парамен ұсталса, басшысы отставкаға жіберіледі.
Бұл- құзіретті органдардағы бақылауды күшейтеді және атқамінерлердің жауапкершілігі арттырылады.
Тағы айта кеткен жөн, былтыр «Transperency Kazakhstan» агенттігі
жүргізген сауалнама қорытындысы бойынша теріскейде жемқорлық деңгейі ең төмен деп танылды. Бұл нәтиже Солтүстік Қазақстанда бармақ басты, көз қыстылықтың алдын алу шаралары жиі өткізілетіндігінің белігісі. Мәселен, «ЕС-164/1 мекемесі» РММ өзінде әр апта сайын қызметкерлеріне кәсіби сабақ барысында жемқорлыққа қарсы дәрістер өткізіліп отырады.Онда ең өзекті деген тақырыптарда сөз қозғалады. Қызметкерлер жұмысын үлкен ыждағаттылықпен атқарулары үшін істерінің маңыздылығы жайлы да айтылады. Расымен де, еліміз дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы
үшін мұндай жиындардың маңызы зор.
Қазақстандағы әр азамат жұдырық болып жұмылып сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күресетін болса, қоғамда құқық бұзушылық фактілер саны азаяды. Сондай-ақ, ең бастысы мұндай әлеуметтік залал түп тамырымен жойылар еді.