Пробация қызметкерлері уақытылы көмек көрсетті
Қаңтар айының басында СҚО Жамбыл ауданының пробация қызметіне сотталған И. есімді азамат жүгінді. Арызданушы оған Петропавл әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастыруға көмек көрсетуді сұраған. Бұрын жақын туыстарымен бірге тұрған азамат отбасында келіспеушілік туындағанын жеткізді. Осыған байланысты ол тұрғылықты жерінен кетіп, әрі қарай түней алмайтындығын түсіндірді. Бұл мәселе бойынша пробация қызметінің мамандары сотталғанға медициналық тексеруден өтуге және құжаттарды жинауға көмек көрсетті. Пробация қызметкерлері сотталғанды Петропавл әлеуметтік бейімдеу орталығына орналастырды. И. есімді азаматты әрі қарай бақылау үшін жеке ісі Петропавл қаласы пробация қызметіне орындауға жіберілді.
Тұрақты негізде сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетіледі. Қайта жасалған қылмыстардың көпшілігін тұрақты жұмыс орны, тұрақты тұрғылықты жері, белгілі бір табысы жоқ сотталғандар жасайды.
Сотталғандармен, сотталғанның жақын туыстарымен профилактикалық әңгімелесу жүргізіледі.
Мұндай шаралар олардың қайта қылмыс жасауына жол бермейді.