Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауа-райының қолайсыздығы Атырауда бірқатар апатқа себеп болды

18 қаңтарда «Газ 5414» жүргізушісі көліктің рөлін басқара алмай, облыс орталығындағы аялдама павильонын соққан.

 

Бақытымызға орай, жолаушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ, ал жүргізушінің өзі оқиға орнынан қашып кетті.Бейне бақылаудың көмегімен жүргізуші анықталды, 1986 жылы туылған ер адамды әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты (610-бап 1-бөлім және 611-бап 2-бөлім).

 

Сондай-ақ, 40 жастағы ер адам қала маңындағы Жұмыскер ауылында аялдамаға соққан. «Lada Priora» көлігінің жүргізушісі қашықтықты сақтамай, «Lada Granta» маркалы автокөлікпен соқтығысып, соның салдарынан аялдамаға соғылған. Зардап шеккендер жоқ.

 

Сондай-ақ 24 қаңтар күні Бейбарыс-Құрманғазы көшелерінің қиылысында 1954 жылы туған  Ақтау қаласының тұрғыны «Toyota Corolla» маркалы көлігін басқарып келе жатып, «Hundai Accent» және «ВАЗ 2110» көліктерімен соқтығысқан. 1 жолаушы ауруханаға жеткізілді.

 

Дәрігерлер тексеріс жүргізіп,келтірілген шығын мөлшерін анықтағаннан кейін апатқа кінәлілер жазаланады,- деп Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру