Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ерлан Тұрғымбаев: біз полицейлердің жауапкершілігі мен мәртебесін одан әрі арттыра береміз

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Өзіндік қауіпсіздік департаментіне ішкі істер органдары қатарында тәртіп пен заңдылықты арттыру бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды, –  деп хабарлайды Polisia.kz.

ІІМ-де министрдің басшылығымен барлық өңірлік бөліністердегі ӨҚБ бастықтарының қатысуымен кеңес өтті. Ведомство басшысы өз қатарларында құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша өткен жылы үлкен жұмыстар атқарылғанын атап өтті.  Ел бойынша жеке құрам арасындағы, оның ішінде сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыс деңгейі іс жүзінде үштен біріне қысқарды.

Ведомство басшысы ағымдағы жылы қызметкерлердің жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмысқа ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

«Құқық қорғау органдарының қызметкерлері біздің халқымыздың тыныштығы мен қауіпсіздігін күзету жолында қызмет атқарады. Қазақстанның әрбір азаматы полицейдің қорғауында. Бұл үлкен жауапкершілік. Бірақ бұл ішкі істер органдарының қызметкерлеріне берілетін ерекше мәртебе мен өкілеттіктер. Сондықтан мен Өзіндік қауіпсіздік департаментіне тек полицейлердің заңдылықты сақтауын  қамтамасыз етіп қана қоймай, сондай-ақ оларды қорғауды тапсырамын», – деді министр Ерлан Тұрғымбаев.

Министр Өзіндік қауіпсіздік департаментінің ағымдағы жылғы басым міндеттерін белгіледі: полиция тарапынан құқық бұзушылықтың барлық түрлерінің алдын алу, өз қатарында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою. Сондай-ақ, өзіндік қауіпсіздік бөлімшелерінің басшыларына полицейлердің заңсыз іс-әрекеттері фактілері бойынша азаматтардың барлық өтініштеріне жедел ден қоюды тапсырды.

Мемлекет басшысының Қазақстан полициясы жұмысының сервистік моделіне көшу жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін ІІМ-нің қоғам сенімін нығайту бойынша шаралар қабылданғанын атап өту қажет.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты иммунитетке баса назар аудара отырып, басшылық лауазымдарға үміткерлерге қойылатын талаптар арттырылды. ІІМ кадр комиссиясы арқылы өткен 600 үміткердің 80-і мақұлданбады. Барлық деңгейдегі басшылардың жағдайға да, жеке құрамға да жауапкершілігі күшейтілді.

Бұдан басқа, азаматтық қоғаммен өзара іс-қимылды кеңейтуге, жұртшылықпен тікелей диалогты және кері байланысты қамтамасыз етуге шаралар қабылдануда.

«Еліміздің азаматтары ішкі істер органдарының қызметкерлеріне жүгінгенде, олар түсіністікті, өзіне деген адамгершілік қарым-қатынасты, сондай-ақ олардың құқықтары мен бостандықтары лайықты қорғалатынына сенімді болуы үшін ең қатаң стандарттар мен талаптарды ұстану қажет», – деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру