Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Героин тасымалына тосқауыл қойылды

Солтүстік Қазақстан облысының есірткі полицейлері заңсыз есірткі айналымы саласында аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған бұрын сотты болған жергілікті тұрғынды ұстады.

Өткізуші оқшауланған салтын ұстанып, есірткіні алдын ала келісу арқылы белгілі адамдарға өткізіп отырған.

Ұстау барысында күдікті әйел жасырынғысы келді.Тексеріс жүргізу барысында үйінен 300 граммға жуық героин табылды. Азаматша тергеу изоляторына қамалды. Оған қатысты Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігі (есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы бап бойынша жаза мүлкін тәркілеумен он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Аса ірі мөлшерде алынған героин 3,5 миллион теңгеге бағаланып отыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру