Нұр-Сұлтан қаласына 514 көліктен тұратын автоколонна жеткізілді
Ақмола облысының полицейлері Нұр-Сұлтан қаласына 514 көліктен тұратын автоколоннаны жеткізді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір апта бойы елдегі қарқынды жауған қар облыстардағы көлік қозғалысын шектеді.Жол-көлік оқиғаларын болдырмау үшін, Полиция департаменті республикалық және облыстық маңызы бар трассаларда күшейтілген қауіпсіздік шараларын жүргізді: елді мекендерден шығатын жолдарда блок бекеттер қойылды, жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер жүргізілді, патрульдік полицияның қосымша экипаждары енгізілді.
Сондай-ақ, жолда жиналған қар салдарынан «Нұр-Сұлтан-Петропавл» автожолында көлік құралдарының қозғалысы шектелді. Осыған байланысты полиция қызметкерлері автоколонналарды патрульдік полиция батальонының экипаждарымен алып жүруді қамтамасыз етті.
Басты міндет-жол жүру кезінде төтенше жағдайларда жүргізушілер мен олардың жолаушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Щучинск қаласы постында автоколонна тізбегін ұйымдастыруды Полиция департаментінің бастығы генерал-майор Арманбек Баймурзин жеке өзі басқарды. Облыстың бас полицейі жүргізушілерге колоннада жүру ережесін еске сақтау, естен шығармау ,белгіленген жылдамдық режимін және интервал арасындағы көлік құралдарын сақтау керектігін айтты.
29 қаңтардағы жағдай бойынша Ақмола облысының аумағында Щучинск қаласынан Нұр-Сұлтан қаласына қарай 514 автокөлік полиция экипажына ілесіп жүрді.
Қазіргі уақытта патрульдік полиция ротасының қызметкерлері елордадан Көкшетау қаласына дейін автомашиналар легін жасақтауда.
Сонымен қатар, қар құрсауында 400-ден астам автокөлік қалған: Атбасар ауданының аумағында– 336 , Астрахань– 33, Степногорск қаласында– 17 автокөлік және Қарағанды қаласында– 37 автокөлік.
Тәртіп сақшылары жүргізушілерді патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын қатаң ұстануды сұрайды, бұл – жол-көлік оқиғалары мен апатты жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді.