Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мекемеде ішкі саясат басқармасы мамандарымен кездесу өтті

Солтүстік Қазақстан облысы ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінде ҚМДБ, «Насихат «ҒЗО» ҚБ өкілдерінің, ішкі саясат басқармасы мамандарының кездесуі өтті,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда ҚАЖ бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды діни радикалдандыру мәселесі, сондай-ақ облыс мекемелерінде
оның алдын алу мәселелері ерекше бақылауда.
Елбасының 2017 жылғы 20 маусымдағы № 500 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Діни саласындағы 2017-2020 жылдарға арналған мемлекеттік саясат тұжырымдамасының негізінде діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимылдың 2018-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасы мекемелерде сотталған адамдармен теологиялық оңалту қызметтерінің мақсатты жұмысы ұйымдастырылды. Жоғарыда көрсетілген заңнамалық актілердің негізінде осы қызметке Пенитенциарлық мекемелерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүзеге асыратын діни бірлестіктер құрылды.
Жоғарыда көрсетілген ұйымдар арасында ҚМДБ Солтүстік Қазақстан
филиалы, орыс православие шіркеуінің филиалы, «НАСИХАТ» консультациялық оңалту орталығы» қоғамдық бірлестігі, теолог Р. С. Садуев, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының мамандары, психолог Т. С. Оразов, теолог К. Мұстафин тұлғасында кестеге
сәйкес сотталғандардың дәстүрлі діни көзқарастарын қалыптастыруға
бағытталған жұмыстарды жүзеге асырады. Бұл жұмысты СҚО бойынша
ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінің теологиялық оңалту қызметінің мамандары
ұйымдастырады. Осы бағыттағы іс-шараларды өткізу мен ұйымдастыруға
қарамастан, іс-шаралардың жеке жүйелі кешенін жоспарлау мен ұйымдастыру
маңызды элемент болып табылады.
ҚАЖД ЕС-164/3 мекемесінде ҚМДБ, «Насихат «ҒЗО» ҚБ өкілдерінің, ішкі саясат басқармасы мамандарының кездесуі өтті. 2020 жылға арналған іс-шаралар жоспарланған, сондай-ақ маңызды мәселелер, сенуші сотталғандармен жұмыс жасаудың жаңа әдістері талқыланды, сотталғандарды дәстүрлі діни ұстанымдарға көшіру, «төзімділік» ұғымын дарыту, сотталғандарды қайта әлеуметтендірудің оң үрдісі, Қазақстан халқының ұлттық-рухани құндылықтарын дарыту бойынша жұмыстардың келешегі белгіленді. Өйткені, еліміздің әрбір азаматы ата- бабаларымыздың діни-тарихи мұраларынан бас тартпауы керек, керісінше салт – дәстүрлерді сақтау үшін барлық күш-жігерін жұмсауы керек.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру