Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауыр қылмыстарға қатысты жаза қатаңдатылғаны түсіндірілді

Батыс Қазақстан облысында заңнама енгізілген жаңа өзгерістер талқыланды,-деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылғы 13 ақпанда Бөкей ордасы ауданы прокуратурасымен ведомствоаралық кеңес ұйымдастырылып, қылмыстық, қылмыстық-процестік және әкімшілік заңнамаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар
талқыланды. Кеңеске аудан прокуроры Қанабіл Төремұратов, соттың төрайымы Гүлжихан Сагитова, аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева, полиция бөлімінің бастығы Бақберген Молдағалиев, пробация, төтенше жағдайлар, білім беру, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы, ветеринария бөлімдерінің, мемлекеттік кірістер басқармасының, №2036 әскери бөлімінің басшылары, кәсіпқой емес медиаторлар мен полиция қызметкерлері
қатысты.
Қанабіл Төремұратов жыныстық зомбылық, педофилия, есірткі заттарын тарату, адам саудасы мен әйел адамдарға қатысты тұрмыстық зомбылық және басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жаза қатаңдатылғанын
түсіндірді.
Ағымдағы жылы Қылмыстық кодекске 11-қаңтардан бастап енгізілген
188-1-бабы (мал ұрлығы) бойынша 3 қылмыс, 339-бабының 1-1-бөлігі (сирек
жануарлармен заңсыз айналысу) бойынша 2 қылмыс тіркелген.
Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігінен (адам өлтіру) жас баланы өлтіру құрамы басқа бөлікке шығарылып, 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.Зорлау қылмысы бойынша татуласу құқығы алынып тасталып, ауыр санатқа ауысты және 5 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығын айыру жазасы көзделген.
Автокөлікті мас күйінде көлікті басқарған үшін 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру және 15 тәулік әкімшілік қамау көзделген. Жаңадан 339-бапқа 1-1-тармағы қосылып, сирек кездесетін жануармен заңсыз айналысқаны үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы
көзделіп отыр.
Қоғамдық орында есірткі сатқаны үшін 15 жылға дейін мерзімге бас
бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Мал ұрлығы бойынша жаңа қылмыс құрамы 188-1-бапқа енгізіліп, ол үшін 7 миллион теңгеге дейін айыппұл немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. Прокурор Қанабіл Төремұратов құқық қорғау, уәкілетті және мемлекеттік органдарға құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын күшейтуді және жаңа нормаларды тиімді қолдануды тапсырды.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру