Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өзбекстан азаматтарын қорқыту арқылы қомақты сома жымқырды

Өзбекстан азаматы тонаушыларды ұстаған Сарыағаш ауданының полицейлеріне алғыс айтты,-деп хабарлайды Polisia.kz.
 Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне Түркістан қаласының полициясынан орталық ауруханаға дене жарақатымен бір азаматтың түскені жөнінде хабарлама келген. Полиция қызметкерлерінің анықтауынша,Сарыағаш ауданының бір елді мекенінде түнгі сағат 2:30-дар
шамасында белгісіз тұлғалар жәбірленушіге шабуыл жасап, ұрып-соғып қалтасынан 100 000 теңгесін алып кеткен. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 191-бабы (Тонау) бойынша тіркелді.
Тонаушыны ұстау мақсатында полиция бөлімінен жедел-тергеу тобы құрылып, іске кірісті. Тәртіп сақшылары қылмыс орнын мұқият қарап, жақын маңдағы аумақты аралап, куәгерлерден жауап алып, көше бейнебақылау камераларын тексерді.
Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесінің тергеушісі Е. Намазбаев пен жедел уәкіл М.Тасыбаев бірнеше күн бойы іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдіктілерді қолға түсірді.Сарыағаш ауданының тұрғындары, шетелдік азаматты тонауға қатысы бар екі жас жігіт болып шықты.
Қазіргі уақытта аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция қызметкерлері күдіктілердің басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру