Полицейлер 17 миллион теңге өндірді
Түркістан облысының полицейлері «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-
шарасы кезінде 17 миллион теңге өндірді,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысының аумағында 2020 жылдың 8-16 ақпан аралығында құқық бұзушылардан салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алуды арттыруға бағытталған «Борышкер» жедел-алдын алу іс- шарасы өткізілді.
Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізуге 700-ден астам полиция және басқа да мүдделі органдар, «Автоураган» кешені тартылып, бірнеше мобильді топтар құрылды.
«Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасының қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары құқық бұзушыларға қатысты 26 миллион теңгеден астам әкімшілік айыппұл салды, оның ішінде 17 миллион теңгеге жуығы өндірілді.
8 күн ішінде «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасы барысында мамандандырылған тұрақтарға 131 көлік, оның ішінде 30-ға жуық шетелдік
нөмірлері бар автокөліктер қойылды. Оған қоса Түркістан облысының
полицейлері 3,5 мыңнан астам әкімшілік айыппұл төлеу қажеттігі туралы
ұйғарым таратты.