Жылыту маусымы кезеңіне үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда
Атырау облысында жылыту маусымы кезеңіне үгіт-насихат жұмыстары жалғасты,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Жылыту маусымы кезеңінде пеш пен жылыту қазандықтары, газ
құрылғыларын қолданған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақталмауынан және пеш құбырлары ақауының салдарынан өрт саны күрт өседі.
Осыған орай, тұрғын үй секторында төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында, Махамбет ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі мен №11 өрт сөндіру бөлімінің қызметкрелері және аудандық «КазТрансГазАймақ» филиалының қызметкерлерімен бірігіп, аудан көлемінде орналасқан тұрғын үйлерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Рейд жүргізу барысында тұрғындарға өрт қауіпсіздік ережелерін сақтау, пештің жылыту жүйесі ережелердің өрескел бұзылуы, пеш және түтін шығу орнының ақаулы жұмыс жасауы салдары улы газға уланудың себептерінің бірі болып табылатыны түсіндірілді.
Өрт оқиғаларына және тұншықтырғаш газбен улану оқиғаларына жүргізілген
талдаулар нәтижесі көрсеткендей, олардың басым көпшілігі тұрғын үй секторында түнгі мезгілде болып отыр. Тұрғын үй мен пәтерлерде өрттің шығуына негізгі себептер: тұрмыстық электр және газ аспаптарын пайдалану кезінде, пештердің дұрыс орнатылмауы мен қолдану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, мас күйінде темекі тарту салдарынан, сонымен қатар электр өткізгіштерін дұрыс жүргізбегендіктен болып отыр. Улы газдан қаза болғандар саны да өсуде, себебі ол түсі мен иісі жоқ. Газ улы күйін сақтап, ауамен араласып тез тарайды. Тыныс алу кезінде өкпеден қанға өтеді, онда гемоглобинмен қосылады. Соның салдарынан қан ағзаға оттегі беру қасиетінен айырылады. Бірінші кезекте ми зақымдалады, адам
денсаулығының жалпы жағдайына байланысты басқа ағзалар да зақымдалады.
Тыныс алатын ауада улы газ құрамы жоғары болғанда адамның басы ауырып, тұншығады. Улы газ көп шоғырланғанда адам денесі сал болып қалады және есінен танады, сөйтіп 30 минуттан кейін жағдайы нашарлайды.Үйде жылыту элементтерін орнатқанда технологияларды уақытылы жөндеу, бақылау және сақтау керек.