Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырау полицейлері жолда қалып қойған көлік жүргізушілеріне көмектесті

Атырау полицейлері жолда қалып қойған көлік жүргізушілеріне көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 ақпанда Атырау облысы ПД-нің патрульдік полиция қызметкерлері Асылжан Елеуов пен Қуат Абдолов өздеріне бекітілген аумақты патрульдеу кезінде сағат 19:00 шамасында Атырау – Махамбет тас жолы бойында көліктері бұзылып, жол жиегінде көлік тоқтатып тұрған әжейді бірден байқаған.

Тәртіп сақшылары ойланбастан көлігі бұзылған жолаушыға көмекке келіп, бұзылған көлікті сүйреп, жолаушыларын қызметтік көлікпен Атырау қаласына жеткізген.

Өңірдің бас полицейінің қабылдауына арнайы келген Клара Айбасова полицейлердің ерекше қамқорлықтары мен адал қызметтеріне өз алғысын білдірді.

– Махамбет ауданынан Атырау қаласына бет алған болатынмын. Жол бойында кенеттен көлігіміз бұзылып, жолдан қаншама көлікті көмекке шақырғанмен ешқандай нәтиже болмады. Әбден суықтап қалдық. Сол мезетте полиция қызметкерлері келіп, бізге алғашқы көмек көрсетіп, Атырау қаласына дейін жеткізіп салды. Түнде қалсақ қандай жағдай болар еді?! Өзім 14 баланың анасымын, көпбалалы ана ретінде тәртіп сақшыларына алғыс айту үшін арнайы келдім. Полиция қызметкерлері халықтың қорғаушысы, оған тағы бір мәрте көзім жетті. Алғысымды білдіремін, – деді Клара Айбасова.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру