Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында «учаскелік полиция инспекторлары жылы» жарияланды

Ағымдағы жыл ІІМ-мен «учаскелік полиция инспекторлары жылы» деп жарияланды. Мұндай шешімді қабылдаудың мақсаты – учаскелік инспекторлардың жұмысын одан әрі жетілдіру, олардың қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша қоғаммен тығыз өзара іс-қимылды жақсарту.
Ақтөбе облысы бойынша учаскелік полиция инспекторлары тұрғындардың алдында есептік кездесулер өткізуде. Соңғы күні халықпен кездесу келесі мекен-жайлары бойынша өтеді:
– №28 ОМ Әбілхайыр хан даңғылы, 25 В;
– №26 ОМ Бейбітшілік даңғылы, 47 үй
– №23 ОМ Сатпаев көшесі, 13 үй;
Басталуы: 18:00

Полиция қызметкерлері өткен жылы атқарылған жұмыстар бойынша есеп берді, соның ішінде тұрмыстық, пәтер ұрлығы, балалардың қадағалаусыздығы, алкоголизм және т. б. саладағы құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жұмыстарын жүргізді.

 

Өткен жылы облыстың учаскелік инспекторлары қала мен облыста тәртіпті сақтау бойынша үлкен жұмыс жүргізді: арнайы емдеу мекемесіне 253 алкоголизммен және нашақорлық заттарды пайдаланғандар орналастырылды, қоғамдық орында ішкені үшін 13 мыңнан астам, ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (қорлағаны, қоғамдық орында балағат сөйлеу, белгіленбеген орында қоқыс тастағаны және т.б.) 6 мыңнан астам, тұрмыс саласындағы құқық бұзушылығы үшін 2,3 мың азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 

Жалпы ақтөбеліктер учаскелік инспекторлардың жұмысына оң баға берді. Атап айтқанда, 12 шағын ауданның тұрғындары олардың тұрмыс жағдайы учаскелік Дастан Сұлтанғалиевтің келуімен жақсарды – жалдамалы пәтерлер, компьютерлік клубтар жабылды.

 

Сонымен қатар, кездесуге жиналған тұрғындар әлеуметтік және жеке сипаттағы сұрақтар қойып, қоғамдық тәртіпті, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бөтен біреудің мүлкін ұрлаудың алдын алу бойынша бірлескен жұмыстар жөнінде өз ұсыныстарын айтты.

 

Полиция қызметкерлері тұрғындарды белсенді азаматтық ұстанымға, кез келген құқық бұзушылықтардың алдын алуға шақырды, өйткені тұрғындармен бірлескен жағдайда ғана  тәртіпке қол жеткізуге болады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру