Мас күйінде көлік басқарғаны анықталды
Түркістан облысында полицейлер кезекті мас жүргізушіні ұстады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Келес ауданы жолдарында патрульдеу қызметін атқару кезінде Келес аудандық Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері «Ауди» маркалы автокөлікті тоқтатты.
Құжаттарды тексеру кезінде тәртіп сақшылары аталған автокөліктің жүргізушісі мас күйінде көлік басқарып келе жатқанын анықтады.
Құқық бұзушы, Келес ауданының тұрғынына қатысты патрульдік полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы (Жүргізушінің алкогольден, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйде көлік құралын басқаруы, сондай-ақ көлік құралын алкогольдік, есірткіден және (немесе) уытқұмарлықтан масаң күйдегі адамға беру) бойынша хаттама жасалды.
Қазіргі таңда әкімшілік істің жинақталған материалдары іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Келес ауданының сотына жіберілді. Келес АПБ полицейлерімен жыл басынан бері көлікті мас күйінде жүргізгені үшін дәл осы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша жол қауіпсіздігі ережесін бұзған үш жүргізуші анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осы баптың санкциялары 15 тәулікке әкімшілік қамауға және жеті жыл мерзімге көлік құралын жүргізу құқығынан айыруға әкеп соғады. Белгілі болғандай, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдағы апаттылықты азайту мәселелері біздің елімізде де маңызды мәселелердің бірі болып табылатыны жасырын емес. Келес ауданының полицейлерімен осы бағыттағы алдын алу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді және алдағы уақытта да өз жалғасын табады.
Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен жол қозғалысының басқа да қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ескертеді. Жүргізушілерге жолдардағы жылдамдықты арттыруға, қарсы қозғалыс жолағына шығуға, басып озу және маневр жасау ережелерін бұзуға, автомобильді басқару кезінде телефондарды пайдалануға, әсіресе мас күйінде көліе басқаруға болмайтындығын қатаң ескертеді. Егер, жоғарыда айтылған қауіпсіздік шаралары сақталмаса, соңы жазатайым оқиғаларға және жолдарда қаза болуы жағдайларына әкеп соқтыруы мүмкін.
Өз өміріңізге, жолаушылар мен жақындарыңыздың өміріне қауіп төндірмеңіз. Жүргізушілер, жол-қауіпсіздік ережесін сақтаңыздар!