Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Есепте тұрған істі болғандарға әлеуметтік көмек көрсетілуде

Шығыс Қазақстан облысында пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандарға әлеуметтік көмек көрсетілуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Президентінің мемлекеттік саясаты мен құқықтық тұжырымдамаларында көзделген мәселелерді іске асыру үшін ШҚО бойынша ҚАЖД Бесқарағай аудандық пробация қызметі бірқатар жұмыстар атқарып отыр. Қазіргі таңда Бесқарағай аудандық пробация қызметінің есебінде тұратын бас бостандығынан айыру мекемесінен босап шыққан жұмыссыз, жағдайы төмен сотталған азаматтарға материалдық көмек көрсету мақсатында, Бесқарағай аудандық жұмыспен қамту бөлімімен бірлесе отырып бір реттік ақшалай жәрдемақы алуға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында, сотталған азаматтардан жазбаша өтініштер қабылданып қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілуде.

Бұл ретте жұмыссыздық мәселесін шешу керек. Себебі жұмыссыздық тұрақты табыс көзінің болмауы жекелеген адамдарды қылмысқа итермелейтін себептердің бірі болып табылады. Егерде сотталғанның құқықтық әлеуметтік тұрмыстық қажеттілігі орындалса сотталғандардың да заңға деген көз қарасы өзгеріп, мінез-құлқы жақсы жағынан қалыптасуына оң нәтиже береді.

Қылмыс жасаған адамдар тарапынан қылмыстың қайталануын және алдын алуға бағытталған құқықтық саясатты қалыптастыру және ұйымдастыру пробация қызметінің ең басты мақсаттарының бірі болып табылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру