Мастықтың кесірі…
Түркістан облысының полицейлері мас боп жол апатына себепкер болған жүргізушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Оқиға орнына жеткен полицейлер «Дэу Нексия» автокөлігін мас күйінде айдаған Шымкент қаласының тұрғынын анықтады. Мастықтың кесірінен жолдың қарсы бетіне шығып кеткен ол «ВАЗ» көлігімен түйіскен.
Апаттың салдарынан қан қысымы күрт көтерілген «ВАЗ»-дағы жәбірленуші аудандық ауруханаға жүгінуге мәжбүр болды.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты, ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы «Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын жүргізуді осындай адамға беру немесе осындай адамды көлік құралын жүргізуге жіберу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Апатқа кінәлі жүргізуші қамауға алынды.
2019 жылдың қыркүйек айында Қазығұрт аудандық сотының шешімімен «Дэу» автокөлігінің жүргізушісі ҚР Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша үш жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғаны анықталды.