Жігіт 9 қабатты үйдің терезесінен секіріп кетпек болды
Шымкент полицейлері суицидтің алдын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бүгін, 16 наурыз күні 27 жастағы жігіт 9 қабатты үйдің терезесінен секіріп кетпек болды. Қаратау аудандық Полиция Басқармасының учаскелік полиция инспекторлары Асқар Чуманов пен Медет Есенқұлов азаматты сөзге көндіріп, тоқтата білді.
Жігіт әпкесімен сөзге келіп қалған екен. Суицидке сол ашумен бармақ болыпты. Ол сол жерде Қаратау ауданының Полиция басқармасына жеткізілді.
Азаматтың өмірін құтқарып қалған учаскелік полиция инспекторларының кәсіби іс-әрекеттері көпшіліктен қолдау тапты. Сол маңдағы тұрғындар мен куәгерлер полиция қызметкерлеріне жеделдігі мен жоғары кәсіби қарым-қабілетіне алғыс айтты.