Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ТЖ кезіндегі талаптың сақталуы қадағаланады

Түркістан облысында төтенше жағдай кезінде талаптарды сақтамай заң бұзған тұрғынға хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Мемлекет басшысының қаулысымен ағымдағы жылдың 16 наурыз бен 15 сәуір аралығында республикамызда төтенше жағдай жарияланған болатын. Осыған сәйкес Түркістан облысы Полиция департаментінің полицейлері күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр.

Күндізгі және түнгі рейдтік жұмыстарды жүргізіп, төтенше жағдай кезінде іске асырылатын талаптардың сақталуы қадағалауға алынды.
Осындай кезекті рейд барысында Түркістан қаласында түнгі уақытта тұрғындарды қабылдап, қызмет көрсетіп жатқан компьютерлік клуб анықталды.


Аталған жайтқа байланысты полицейлер клубтың иесіне ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 476-бабы «Төтенше жағдай режимiн бұзу» бойынша хаттама толтырды. Сондай-ақ шара көрілу үшін құжат қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жолданды.


Облыс полицейлері ескертеді: төтенше жағдай кезінде заң талаптарына сәйкес әрекет етіп, мүмкіндігінше сақтық шараларын ескеріп, медицина мамандарының айтқан ережелерін де қатаң ұстанған дұрыс.

Әрбіріміз мұндай шаралардың атқарылып жатқандығы ең алдымен өз қауіпсіздігіміз үшін маңызды екенін ұмытпайық.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру