Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пандемия кезіндегі алаяқтық: “короновирустан” тапқан пайда

Елімізде төтенше жағдайдың жарияланғанын пайдаланып алаяқтар өз пайдасын табуып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“102” жедел арнасына Өскемен қаласының 23 жастағы тұрғыны медициналық бетперделерді сату туралы жарнаманы танымал сайтта көргенін хабарлады.

Оларды сатып аламын деп, ақшаны онлайн-төлем арқылы аударған. Одан кейін әлеуметтік желі сатушысы байланысқа шықпаған. Ал әде етілген медициналық маскалар жәбірленушіге дейін жетпеген.

 Жәбірленуші сатушының әдептілігіне үміттенген. Дегенмен хабарсыз қалған алаяқтан күдер үзген тұтынушы бірнеше күннен кейін полицияға жүгінді.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 2-бөлігі “Алаяқтық” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.Жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.

ШҚО полиция департаменті азаматтарды қырағы болуды, интернетте күмәнді келіссөзді жүргізбеуді ескертеді. Елде төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қаскүнемдердің арам ойларын жүзеге асыруы мүмкін, сақ болуларыңызды сұрайды.

Полиция департаменті облыс тұрғындарын ЕСКЕРТЕДІ:

  • қандай жағдайда болмасын бейтаныс адамдарға дербес деректерді және шот нөмірлерін хабарлауға болмайды;
  • әлеуметтік желілерде тауарларды сатып алу-сату туралы шарт жасасудың қажеті жоқ;
  • ақша қаражатын күмәнді электрондық немесе банктік шоттарға аудармау, тауарды экспресс-төлем терминалдары арқылы төлемеңіз;
  • жеке басыңыздың ақпаратын ашық түрде әлеуметтік желілерде орналастырмаңыз;
  • банкоматтардың қосымша қызметтерді қоспаңыз.

Егер сіз алаяқтардың құрбаны болсаңыз, дереу құқық қорғау органдарына хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру