Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызметкерлер мен мекемеге келушілер тексерістен өтеді

Шығыс Қазақстан облысы түзеу мекемелерінде коронавирусқа қарсы күрес шаралары өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен және Семей қалаларында орналасқан Шығыс Қазақстанның екі түзеу колониясының басшылығы температураны тексеру үшін арнайы аппарат сатып алды.

“Бүкіл әлемде коронавирустық инфекцияның жаңа түрі таралуының жариялануына байланысты, сондай-ақ инфекцияның әкелінуі мен таралуының алдын алу мақсатында қылмыстық – атқару жүйесі департаментінің ОВ156/3, 15 мекемесінде санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мақсатында алдын алу шаралары енгізілді. Енді мұнда ауысымға түсетін барлық қызметкерлерді және мекемеге келушілерді non Contract Infrared Body Thermometr DM300 аппаратының көмегімен денесінің температурасын өлшейді”,-деп хабарлады ШҚО ҚАЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта коронавирус симптомдары бар науқастар анықталған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру