Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Сейфтен қомақты сома ұрланды

Түркістан облысы Келес аудандық күдікті сарыағаштық тұрғынның сейфіндегі қаржыны жымқырып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш аудандық Полиция басқармасына егде жастағы жергілікті тұрғын хабарласып, үйіндегі сейфінен ақшасының ұрланғандығын айтады.

Полицейлер бұл жайтты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы “Ұрлық” бойынша тіркеуге алып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастап кетті.

Күдіктіні ұстау үшін жәбірленушінің үйін тексеріп, қажетті іс-шаралардың атқарды. Жедел атқарылған шаралар мен полицейлердің кәсібилігінің арқасында күдікті бір күннің ішінде анықталды.  

Белгілі болғандай күдікті ер адам Сарыағаш қаласындағы емдік суы бар моншаға демалуға келеді. Емін қабылдап, суға түсіп жүріп жәбірленушімен танысады. Егде жастағы кісіге қонатын жері болмай тұрғандығын айтып, үйіне қондыруын сұрайды. Ақыры жәбірленушінің сеніміне кіріп, Сарыағашта екі күн қонып, кетіп қалады. Алайда араға бірнеше күн салып, түнгі уақытта жәбірленушінің үйіне кіріп, сейфінің құлпын бұзып ондағы 700 000 теңгені жымқырып кеткен.

Ұрлық жайты орын алғаннан соң жәбірленуші полицейлерге хабарласпай, өз бетімен іздеп табамыз деп екі аптауақыттарын жоғалтты. Бұл аралықта күдікті ер адам ұрлаған ақшаларын оңды солды жаратып, Жетісайдағы жалдамалы пәтерде жүрген. Полицейлер оны сол жерден ұстады.

Тексеру барысында ер адамның 2018 жылы алаяқтық бойынша тергеліп, жәбірленушіден кешірім алып істің қысқарып кеткендігі анықталды.

Бұл жайт оның қатысуымен екінші рет орын алып отыр. Бүгінде Сарыағаш аудандық полиция бөлімшесінің тергеушілері ұсталған ер азаматқа қатысты тергеп-тексеру амалдарын жалғастырып жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Түркістан облысының полицейлері кез-келген адамға сенім білдірудің, өзіңіз жайлы жеке мәліметтердің барлығын айтудың қажеті жоқ екенін ескертеді. Алаяқтар кез-келген адамның осал жерлерін пайдаланып, сенімге жылдам кіріп, өз арам пиғылын іске асырып кетеді. Егер де сіз алаяқтың құрбаны болсаңыз тез арада полицияның “102” нөміріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру