«Іздеуден» 14 адам үйіне оралды
Жыл басынан 14 хабар-ошарсыз жоғалған маңғыстаулық үйлеріне оралды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Маңғыстау облысы бойынша криминалдық Полиция басқармасының қылмыстық іздестіру қызметкерлері 2020 жылдың 18 және 19 наурыз аралығында «Іздеу» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – анықтау, тергеу, прокуратура және сот органдарынан жасырынған айыпталушыларды, сезіктілер мен сотталған азаматтарды іздестіру, сондай-ақ, хабар-ошарсыз кеткен адамдарды анықтау.
Тәртіп сақшылары еріктілермен бірге тұрақты түрде іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Әрбір өңірде полицияның ерікті іздеушілермен ерекше байланысы бар. Еріктілер іздеу үшін таптырмас күш болып табылады.
Жыл басынан бері Маңғыстау облысының аумағында азаматтардың хабар-ошарсыз жоғалуының 15 фактісі тіркелді. Олардың ішінде хабар-ошарсыз кеткендердің 14-і анықталды.
3 наурызда үйден шығып кетіп, Басқұдық ауылының тұрғыны М. криминалдық полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттерінің арқасында Ақтау қаласының көшесінде табылды.
14 наурызында Ақтау қаласында тұратын Р. есімді тұрғын үйден кетіп, оралмаған. Криминалдық полиция қызметкерлері аталған азаматтың орналасқан жерін анықтады. Ол қаладағы қонақ үйлердің бірінен аман-есен табылды.
20 ақпанда Мұнайлы ауданы Атамекен ауылының тұрғыны А.есімді әйел адам үйден шығып кетіп, қайта оралмаған. Кейіннен ол Маңғышлақ ауылынан табылды.
Осы барлық азаматтар полиция қызметкерлерінің табандылығы мен нақты іс-қимылдарының арқасында табылды.
Тұрғындар өткізілген іс-шараға белсене қатысып, іздеу салынған немесе хабар-ошарсыз кеткен адамдар туралы Маңғыстау облысы ПД КПБ іздестіру бөлімінің 47-50-52 немесе кезекші бөлімінің «102» телефондары арқылы хабарлай алады.