ІІМ қызметкерлері короновируспен күреске бір күндік жалақыларын аударады
Қазақстанның барлық өңірлеріндегі полицейлер, құтқарушылар мен Ұлттық гвардияның әскери қызметшілері бір күндік жалақысын аударады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жалпы алғанда, бұл COVID-19 қарсы күрес және коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы әрекет ету бойынша қажетті медициналық шараларды іске асыруға 400 миллион теңге жұмсалады.
– Офицерлік және сержанттық құрам, біздің министрліктің және оның бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілері коронавирусқа қарсы күреске бір күндік жалақысын аударуды ұсынды. Біз полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілерге, азаматтық қорғау қызметкерлеріне ризашылығымызды білдіреміз.Ішкі істер органдарының қызметкерлері- біздің қоғамымыздың кемелдену көрсеткіші, – деп атап өтті ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.