Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Пәтер мен қалта ұрылары ұсталды

Петропавл қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері бірнеше пәтер және қалта ұрлығына күдікті екі ұрыны қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны және 38 жастағы Алматы тұрғыны Петропавлға екеуі бірігіп әрекет ету үшін келді.

Қылмыстық мамандану-пәтер және қалта ұрлықтары. Бұған дейін екеуі де осындай қылмыстар үшін бірнеше рет сотталған.

Бес пәтер ұрлығы, сауда сөрелерінен екі ұрлық, бір қалта ұрлығы – полиция қызметкерлері ұрлықшылардың сегіз қылмысқа қатыстылығы дәлелденді.

Жедел уәкілдер күдіктілерді барлық фактілерді салыстыру және бейнебақылау камераларын зерттеу арқылы анықтады.

Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы таңдалған. Олар қамауға алынды.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмысиық кодексі 188-бабының 1 және 3-бөліктері (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бап санкциясы мүліктерін тәркілеп, үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Полиция қызметкерлері ұсталғандардың басқа да ұқсас қылмыстарға қатыстылығын тексереді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру