Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

5 кафе иесі жауапқа тартылды

Павлодар облысында бес кафенің иесі карантинді бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыстың бас санитарлық дәрігерінің 2020 жылғы 18 мамырдағы қаулысымен қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі 8.00-ден бастап сағат 21.00-ге дейін бір уақытта 30 адамнан аспайтын келушілердің санын шектеумен рұқсат етілген.


Демалыс күндері полиция қызметкерлері Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында СЭС және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлесіп, қоғамдық тамақтану объектілерінің (кафе, мейрамханалар) жұмыс режимін тексеруді жүзеге асырды. Белгілі болғандай, барлық көңіл көтеруші мекемелер осы талаптарды сақтайды. Тексеру нәтижесінде сағат 21.00-ден кейін кафенің бес жұмыс істеу фактісі анықталды.


Мысалы, СЭС қызметкерлерімен және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен бірлескен рейдтер жүргізу кезінде Павлодар қаласында 22 мамырда Сәтбаев көшесінде орналасқан “Алтай” кафесінің жұмыс істеу фактісі анықталды. Сағат 22.00-де 15 келуші болған.


Рейд барысында Малайсары батыр көшесіндегі 22.45 сағатта “Альфа-Т” кафесінің жұмыс істеу фактісі анықталды.


Осындай бұзушылықтар Ломов көшесіндегі “Береке” асханасында, Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі “Сенатра” дәмханасында және Ақсу қаласындағы Б. Момышұлы көшесіндегі “Космос” дәмханасында да орын алған.


Барлық фактілер бойынша иеленушілерге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабының 3-бөлігі (мемлекеттік инспекциялар мен мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өздерінің қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру, қаулыларды, нұсқамаларды және өзге де талаптарды орындамау) бойынша әкімшілік іс қозғалды-мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары (лауазымды тұлғалар), мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғалары өз құзыреті шегінде берген заңды талаптарды немесе ұйғарымдарды, ұсынымдарды, қаулыларды орындамау немесе тиісінше орындамау.


Материалдар сотқа жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру