Тараздық тұрғыннан марихуана тәркіленді
Тараз қаласының тұрғынынан 10 келіден астам марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 27 наурызында Жамбыл облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел-алдын алу іс-шараларының барысында есірткі заттарын сақтағаны және сатқаны үшін 42 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды.
Сот-химиялық сараптамасының қорытындысына сәйкес, күдіктіден тәркіленген зат – жалпы салмағы 10 келіден астам кептірілген марихуана есірткі заты екені анықталды.
Күдікті кінәсін толық мойындап, Тараз қаласы уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Қазіргі уақытта аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.